11:52 Президент Қ.Тоқаевтың Рамазан айының басталуымен құттықтауы | |
Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен. Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін!Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ораза қабыл болсын! 23.03.2023 www.akorda.kz сайтынан алынды Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю начала месяца Рамазан Дорогие соотечественники! От всей души поздравляю вас с началом священного месяца Рамазан, имеющим огромное значение для всех мусульман!Это особенное время, когда превозносятся такие ценности, как стойкость, сострадание, умеренность, способствующие духовному очищению и всестороннему совершенствованию людей.Наши предки с почтением называли Рамазан «султаном двенадцати месяцев», проводя ауызашар для постящихся и проявляя глубокое уважение друг к другу.На протяжении веков ислам, с которым прочно связаны многие традиции и обычаи Великой степи, играет важную роль в сохранении единства и согласия в нашей стране. Пусть в месяц милосердия наш народ преумножит свои благие начинания и пожнет их плоды! Желаю всем крепкого здоровья и благополучия!Пусть пост Ораза будет во благо! 23.03.2023 Материал сайта www.akorda.kz | |
|
Всего комментариев: 0 | |