13:27 Роза құрбым, біз сені ешқашан ұмытпаймыз! | |
Құрметті достар, курстастар! Мен сіздермен ең жақын, ең қымбат адам Роза құрбым туралы ойларыммен және қайғыммен бөліскім келеді. Ол қайтыс болғаннан бері 4 ай өтті, жанымызда болса, 23 сәуірде 62 жасқа толар еді. Әлі күнге дейін сене алар емеспін. Жиі еске алып уайымдаймыз, ойлаймыз, жылаймыз. Неліктен бұлай болды! Нағыз дос, жолдас, сүйікті жар, ардақты ана, ақылды әже! Өз өмірін балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арнаған нағыз педагог! Роза құрбым педагог Құдайдан! Соңғы 20 жыл бойы "Білім инновация лицейінде" (қыздарға арналған қазақ түрік лицейі) жұмыс істеді. Балалар мен ата-аналардың сүйіктісі, лицей мұғалімдерінің сенімді тірегі болған, Роза Мамайқызы, үлкен новатор, қиял мен шығармашылық теңізі болатын. Мектеп оны мақтан тұтады! Бірақ қайғы сұрап келмейді. Жаман дертке шалықты, сол дертпен бүкіл әлем болып күрестік. Көптеген қиыншылық көрді. Операция, уыс-уыс таблеткалар, химия бірақ ештеңе көмектеспеді. Құдайға да жақсы адамдар керек дейді, шамасы солай болу керек шығыр, Алланың жазғаны ғой не қыламын!
Курстасы, досы, құрбысы Сулушаш Жанабекова (Айтбаева).
| |
|
Всего комментариев: 2 | |
| |