11:44
Құттықтаймыз!

23 тамыз күні  Қазақ ұлттық өнер университетінде  «Қазақстанның құрметті маманы» атты республикалық патриоттық байқауының марапаттау рәсімі өтті.  Бұл іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Ұзақ жыл бір қызметте жұмыс жасап, өз саласының дамуына бар ғұмырын арнап, аянбай еңбек етіп жүрген ардагер қызметкерлерді қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету. Ерекше атап өтетін себебіміз осы байқадың бас жүлдесімен  Иван Франко атындағы Житомир мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі Сәбит Сәрсенбаев марапатталды. Аталған оқу орнының Қазақстандағы қауымдастығының атынан Сәбит досымызды шын жүректен құттықтаймыз! Абырой биігінен көріне беруіңе тілектеспіз.

Иван Франко атындағы  
Житомир мемлекеттік педагогикалық институты 
түлектерінің Қазақстандағы қауымдастығы


 

Просмотров: 82 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: